Маңғыстау облысында «Ішімдіксіз ауыл» республикалық акциясы өтуде

Маңғыстау облысында «Ішімдіксіз ауыл» республикалық акциясы өтуде

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ағымдағы жылдың 20–26 шілде аралығында республика көлемінде «Ішімдіксіз ауыл» республикалық акциясы өткізіліп жатқанын хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру.

«Ішімдіксіз ауыл» бастамасы – қауіпсіз, тыныш әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Акция аясында тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны мен оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырады.

Қауіпсіз орта – бақытты болашақ!

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Ішімдіктен бас тарт – жарқын болашақты таңда!