Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: полиция ескертеді

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: полиция ескертеді

Түпқараған ауданы полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы азаматтар арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, отбасындағы жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар инспектор отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратты.

Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз:

  • отбасы мүшелерін қорлау және кемсітуге;
  • күш қолдануға және қорқытуға;
  • алкогольдік ішімдік ішкен күйде жанжал шығаруға;
  • балалардың көзінше жанжалдасуға жол бермеңіз.

Есте сақтаңыз!
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Егер сіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса:

  • полицияға хабарласыңыз;
  • дағдарыс орталықтары мен көмек көрсету қызметтеріне жүгініңіз;
  • көмек сұраудан қорықпаңыз.

Отбасындағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау – әр адамның ортақ жауапкершілігі!

Құқық бұзушылықтың алдын алу өзара сыйластық пен түсіністіктен басталады.