
Түпқараған ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы аудан аумағында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында халық көп шоғырланатын орындарда азаматтарға отбасы саласында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық ақпарат қамтылған жадынамалар таратылып, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда тиісті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Аталған профилактикалық жұмыстардың мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.