Профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған тұлғалар Ақтау қаласында орналасқан профилактикалық бөлмеде күнделікті қабылданады.

Қабылдау барысында азаматтармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқықтық жауапкершілік және қоғамдық тәртіпті бұзбау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер беріледі.

Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау бағытында жеке профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі.

Азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптары түсіндіріліп, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетін әрекеттер бойынша нақты ескертулер жасалады.

Аталған жұмыс отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қайталануының жолын кесуге және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.