Ақтау қаласы тұрғындары мен қонақтарына ескерту

Ақтау қаласы тұрғындары мен қонақтарына ескерту

Ақтау қаласы Полиция басқармасының ҚҚБ қала тұрғындары мен қонақтарын хабардар етеді: 2024 жылғы 15 сәуірден бастап республика көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде.

Аталған акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау, сондай-ақ Каспий теңізі жағалауын және қала аумағын қоқыстан тазарту болып табылады.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындарда тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу қажеттігі ескеріледі.

Сонымен қатар, акция аясында құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, санитарлық тазалық талаптарының сақталуына бақылау жүргізетін болады.

Барша азаматтарды қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді қатысуға және «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырамыз.