Профилактикалық жұмыс жүргізілді

Профилактикалық жұмыс жүргізілді

Қарақия ауданы Полиция бөлімінің Жетібай кенттік полиция бөлімшесінің профилактика кабинетінде есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын түсіндіру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ескертулер жасалды.