Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында азаматтарға бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде велосипед ұрлығының алдын алу шаралары түсіндірілді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, арнайы құлыптау құрылғыларын пайдалануға және күмәнді адамдарды байқаса, дереу полицияға хабарлауға кеңес берді.

Сонымен қатар, тұрғындарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының талаптары түсіндіріліп, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтаудың маңыздылығы айтылды. Атап айтқанда, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.