
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Батыр ауылындағы тұрғын үйге жүргізілген тінту барысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерге ұқсас 65 түп өсімдік, сондай-ақ оларды өсіруге арналған құрал-жабдықтар мен есірткі затына ұқсас заттарды анықтап, тәркіледі.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.