«Заң мен тәртіп» бағдарламасы

«Заң мен тәртіп» бағдарламасы

Жаңаөзен қаласында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шара Қазақстан Республикасының «Заң мен тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.

Іс-шараға Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері, мектеп директорлары мен педагог-психологтар қатысты. Кездесу барысында түлектердің мерекелік іс-шаралары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар мамандар жасөспірімдердің түнгі уақытта қала аумағында қауіпсіз қозғалу ережелерін, топпен бейберекет жүріп-тұрудың қауіптері мен салдарын, сондай-ақ ата-аналардың бақылау мен қадағалаудағы рөлінің маңызын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға нақты мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тәжірибелік кеңестер берілді. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, ашық диалог форматында пікір алмасты.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және отбасылық тәрбиенің рөлін күшейтуге бағытталған.