
Құқық қорғау саласында табанды еңбек етіп келе жатқан Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының Анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Қазыбек Джанов – өз ісінің білікті маманы.
Ол ішкі істер органдарында 9 жылдан бері қызмет атқарып, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғау жолында нәтижелі еңбек етіп келеді. Қызмет барысында түрлі санаттағы қылмыстық істерді тергеп, әділ шешім қабылдауға өз үлесін қосқан тәжірибелі маман бүгінде анықтау бөлімін басқарып, жас қызметкерлерге бағыт-бағдар беруде.
«Әр істің артында адам тағдыры тұрады» деген қағиданы берік ұстанатын полиция майоры қызметтік міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарады. Оның кәсібилігі, мол тәжірибесі мен адалдығы әріптестері арасында зор құрметке ие.
Қазыбек Джанов заңдылық пен тәртіп қағидаттарын берік сақтай отырып, қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытында табысты еңбек етіп келеді.
Полиция күні қарсаңында Қазыбек Джановқа және ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектері әрдайым жоғары бағалана берсін!