Маңғыстауда заңсыз көші-қонға қарсы шаралар күшейтілді

Маңғыстауда заңсыз көші-қонға қарсы шаралар күшейтілді

Елімізде көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында жүргізілген тексерулер нәтижесінде жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 87 шетел азаматы анықталды. Олар Қазақстан Республикасында болу қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Құзырлы органдардың мәліметінше, мұндай шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

Мамандар шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға, қажетті құжаттарды уақытылы рәсімдеуге және ел аумағында болу талаптарын орындауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DZeleasMuqx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==