
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зардап шеккен азаматтарды қолдау мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Дағдарыс орталығына барып, онда уақытша орналастырылған әйелдермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әрбір азаматпен жеке сұхбат жүргізіліп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық көмек алу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері туралы ақпарат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және туындаған мәселелерді шешуге бағытталған.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
https://www.instagram.com/reel/DZZWuomsOQq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==