Жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына арналған дөңгелек үстел өтті

Жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына арналған дөңгелек үстел өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Жас қызметкердің кәсіби қалыптасуы және жаңа қызметтік ортаға бейімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, олардың қызметтік құзыреттілігін арттыру және ұжымдағы өзара қарым-қатынасты нығайту.

Кездесуге Полиция департаменті бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі А. Мұқан, Ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Садақбаев, теолог Н. Жолдасбайұлы, инспектор-психологтар және қызмет өтілі бір жылға толмаған жас қызметкерлер қатысты.

Шара барысында кәсіби этика, қызметтік тәртіп, тәлімгерліктің маңызы және қызметтік жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы өзінің көпжылдық қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға құнды кеңестер берді.

Сонымен қатар теолог маман экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды және жат діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу аясында жас қызметкерлер арасында психодиагностикалық зерттеулер өткізіліп, «Бірлік пен сенім» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг ұжымдағы өзара қолдауды күшейтуге, сенімді қарым-қатынас орнатуға және тиімді коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталды.

Іс-шара соңында қатысушылар кәсіби дамудың маңыздылығын атап өтіп, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігін жеткізді.

https://www.instagram.com/reel/DZZWX21sius/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==