
Жаңаөзен қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде өңірдегі құқықтық тәртіп көрсеткіштері жақсарып келеді.
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда тіркелген құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9 пайызға төмендеді. Сонымен қатар жалпы құқық бұзушылық деңгейі 30 пайызға азайса, қоғамдық тәртіпке қатысты құқық бұзушылықтар 41 пайызға қысқарды.
Қоғамдық орындарда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарды ластау және рұқсат етілмеген жерлерге граффити салу фактілері бар.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 239 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 401 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда.
Жаңаөзен қаласының полициясы тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZWsVZTN9ph/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==