Заң мен Тәртіптің үстемдігі: жеке құрамға профилактикалық жұмысты үйлестіру жобасы мен жаңа заң талаптары түсіндірілді

Заң мен Тәртіптің үстемдігі: жеке құрамға профилактикалық жұмысты үйлестіру жобасы мен жаңа заң талаптары түсіндірілді

Бейсенбі күні Кәсіби даярлық басқармасында жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыруға және қызметтік міндеттерді сапалы орындауға бағытталған оқу-әдістемелік жиын өтті.

Іс-шараны Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері ұйымдастырып, оның барысында профилактикалық жұмысты үйлестіру жобасының негізгі бағыттары, қызметтік іс-қимыл алгоритмдері және заңнамадағы соңғы өзгерістер түсіндірілді.

Жиынның басты тақырыптарының бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Заң және Тәртіп» қағидаты болды. Қатысушыларға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар жаңадан қабылданған «Профилактика туралы» Заңның негізгі нормалары мен талаптары кеңінен талқыланды. Сала мамандары құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, жаңа заңның профилактикалық қызметтің тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.

Жиын қорытындысында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, халықпен өзара іс-қимылды күшейту және заң талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

https://www.instagram.com/reel/DZXXDass5eF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==