
Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Мигрант-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын сақтауына бақылау жүргізіп, көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда.
Жүргізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған үш шетел азаматына қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар құқық қорғау органдары шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту, тіркеу тәртібін бұзу және заңсыз көші-қонға ықпал ететін өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZWraddNmpJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==