Маңғыстауда оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Маңғыстауда оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы және «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция капитаны А. Өтегенов “18 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің жас жол инспекторларымен бірлесіп бастауыш сынып оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шара «Жолда басқаларға үлгі бол!» тақырыбында ұйымдастырылып, оның негізгі мақсаты – балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды.

Кездесу барысында оқушыларға жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, бағдаршам белгілеріне назар аудару, қоғамдық орындар мен жол бойындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар велосипед пен самокатты пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау, көлік құралдарының алдынан жүгіріп өтпеу және арнайы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеу қажеттігі айтылды.

Жас жол инспекторлары оқушыларға жол белгілерінің маңызын түсіндіріп, жолдағы түрлі қауіпті жағдайларда өзін дұрыс ұстау жолдарын көрсетті. Танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, балалар жол қозғалысы ережелері бойынша өз білімдерін ортаға салды.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, ата-аналарды да жасөспірімдерге жолда жүру мәдениетін үйретуге шақырды.

Шара соңында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, қауіпсіздікке қатысты жадынамалар таратылды.

https://www.instagram.com/reel/DYmI8ezKfq1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==