Маңғыстаулық ішкі істер органдарының ардагерлері шағын футболдан республикалық турнирде екінші орын иеленді

Маңғыстаулық ішкі істер органдарының ардагерлері шағын футболдан республикалық турнирде екінші орын иеленді

Тараз қаласындағы ІІМ-нің «Арлан» спорт кешенінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан «Халық Қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасов, Жанат Байсейітов және П. Аянқұловты еске алуға арналған ішкі істер органдары ардагерлері арасындағы республикалық шағын футбол турнирі өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстарынан, Тараз қаласынан және ҚР ІІМ құрамасынан құралған 8 команда қатысты. Турнир 50 жастан асқан ардагерлер арасында ұйымдастырылды.

Тартысты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ардагерлер командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен спорттық шеберлікті көрсетіп, құрметті екінші орынды иеленді.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының өкілдері жеке номинациялар бойынша да марапатталды:

* «Үздік шабуылшы»;
* «Үздік қорғаушы»;
* «Үздік қақпашы».

Команданың ең жасы үлкен қатысушысы — 61 жастағы ішкі істер органдарының ардагері болып, өңір намысын республикалық деңгейде лайықты қорғады.

Команда Маңғыстау облысына оралғаннан кейін ардагерлерді әуежайда әріптестері, туыстары және Полиция департаментінің өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов қатысушыларды жоғары нәтижемен құттықтап, ардагерлерге белсенді өмірлік ұстанымы, спортқа адалдығы және жас қызметкерлерге үлгі болғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында ол ардагерлердің жетістіктері патриотизмнің, рух мықтылығының және ұрпақ сабақтастығының жарқын үлгісі екенін атап өтті. Іс-шара соңында Сағындық Аяғанов команда мүшелерін достық дастарқанға шақырып, ардагерлер турнирден алған әсерлерімен бөлісіп, әріптестерімен еркін әңгімелесті.