
Аталған акция аясында бүлдіршіндердің қатысуымен жүргізушілерге арналған «Жүргізуші, бізді қорғаңыз!» тақырыбындағы үндеу хаттар таратылды.
Құрметті жүргізушілер!
Сіздерді жол қозғалысы кезінде аса мұқият болуға, көлік құралын белгіленген жылдамдықпен басқаруға және жаяу жүргіншілер өткелдері мен білім беру ұйымдарының маңында ерекше сақтық танытуға шақырамыз. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Әрбір баланың аман-есен өз үйіне оралуы – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, мәдениетті әрі жауапты жүргізуші болайық.
Жолдағы қауіпсіздік – адам өмірінің кепілі.
Балаларды қорғайық, болашағымызды бірге сақтайық!