«Борышкер»: айыппұлдарды өндіріп алу бойынша іс-шара басталды

«Борышкер»: айыппұлдарды өндіріп алу бойынша іс-шара басталды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қабылданған қаулылардың орындалуы және айыппұлдарды уақытылы төлеу — «жазаның бұлтартпастығы» қағидатын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 18-21 мамыр аралығында Маңғыстау облысының аумағында республикалық «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — уақытылы төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру және берешектерді ерікті түрде өтеуге ынталандыру.

Шара барысында полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіп, әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар азаматтарды анықтайды. Сонымен қатар борышкерлерге айыппұлдарды уақытылы төлемеген жағдайда қолданылатын шектеу шаралары мен заң талаптары түсіндіріледі.

Полиция департаменті облыс тұрғындарынан әкімшілік айыппұлдарды заңда белгіленген мерзімде төлеуді, сондай-ақ қабылданған қаулылардың орындалуына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.

Заң талаптарын сақтау — әр азаматтың міндеті.

https://www.instagram.com/p/DYbscWfs0km/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==