Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге азайды

Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге азайды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция ротасы 2026 жылдың алғашқы 4 айында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.

Есепті кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге 8883 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жасырын патрульдеу барысында 215 құқық бұзушылық анықталды. Қызметтік автокөліктерге орнатылған автоматты «Кибер-Шериф» және «ErkinPatrul G2» жүйелері арқылы 2310 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Талдау нәтижесіне сәйкес, жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылып, жүргізушілерге түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ облыс аумағындағы жол бойына жақын орналасқан 107 шаруа қожалығында малдың жолға шығу деректерінің алдын алу бойынша түсіндіру шаралары өткізілді.

Патрульдік полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы республикалық маңызы бар тас жолдарда 81 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сүзгілік бақылау бекеттері де тұрақты түрде жұмыс жасауда.

Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде өңірдегі апаттылық деңгейін төмендету бойынша оң динамика қалыптасуда. Жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етуде.

https://www.instagram.com/p/DYcboDnjDwE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==