Ақтауда «Бекіре» ЖПІШ аясында 2,2 кг қара уылдырық тәркіленді

Ақтауда «Бекіре» ЖПІШ аясында 2,2 кг қара уылдырық тәркіленді

2026 жылғы 14 мамырда Ақтау қаласында 6-шағынаудан аумағында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Тексеру барысында 38 жастағы азаматтан жеке тінту кезінде жалпы салмағы 2,2 кг болатын қара уылдырық салынған 4 пластик ыдыс табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 
 

https://www.instagram.com/p/DYcbK-NDHOx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==