
Маңғыстау облысы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында демалыс күндері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Осыған байланысты Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, ойын-сауық орындары, қоғамдық орындар мен көшелерде профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру деректері анықталып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ескертулер берілді.
Полиция департаменті мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын хабарлайды. Негізгі мақсат — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
https://www.instagram.com/reel/DYZ7ynas8ps/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==