Ақтауда балалардың жол қауіпсіздігіне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтауда балалардың жол қауіпсіздігіне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтауда балалардың жолдағы қауіпсіздігіне бағытталған түсіндірме жұмыстары өтті

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының шағын аудандарында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері балалар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық акция барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, бағдаршам талаптарын орындау және аула ішіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, жолда жүру мәдениетін кішкентай кезінен қалыптастыру және көлік қозғалысы қарқынды аймақтарда ерекше сақ болу қажеттігі ескертілді.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі — баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DYZqohysE7X/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==