
2026 жылғы 27 сәуірде Ақтау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері «Тропикамид» препараты табылған екі автокөлікті тоқтатты.
Тексеру барысында төрт азаматтан «Тропикамид» препараттары анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 301-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Сонымен қатар, Ақтау қаласының 11-шағынауданында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адам ұсталды.
Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан құрамында қарасорасы бар 10 түп өсімдік табылып, тәркіленді. Сондай-ақ жалпы салмағы 7 келі 440 грамм болатын «марихуана» есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
https://www.instagram.com/reel/DYZdY1yIIX9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==