
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «Жаңаөзен–Кендірлі–Түркіменстан», «Таушық–Шетпе» автожолдарында, облыстық маңызы бар «43 шақырым – Форт Шевченко» және «Нұрас–Шотан батыр» аралық автомобиль жолдарында орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде уақытша жол белгілері, жол таңбалары орнатылып, айналма жолдар ұйымдастырылған.
Полиция департаменті жүргізушілерден уақытша жол белгілері мен белгіленген бағытқа назар аударып, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін төмендетіп, сақтық шараларын күшейтуді сұрайды.
Естеріңізге саламыз: әрбір жүргізуші тек өз өмірі үшін ғана емес, жолаушылардың және жолдағы өзге қатысушылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты.
https://www.instagram.com/reel/DYZZ-_MMdPx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==