Құлыбековтер әулеті – қызмет пен отбасылық берекенің үлгісі

Құлыбековтер әулеті – қызмет пен отбасылық берекенің үлгісі

Отбасы – қоғамның басты тірегі, ал ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жанұялар көпшілікке әрдайым үлгі. Осындай өнегелі отбасылардың бірі – Құлыбековтер әулеті.

Отағасы — полиция капитаны Мағжан Құлыбеков қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полиция тобы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымында абыройлы қызмет атқарып келеді. Қызметіне адал, жауапкершілігі жоғары маман ретінде әріптестері арасында сый-құрметке ие. Ол қоғамдық тәртіпті сақтау мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында нәтижелі еңбек етуде.

Жұбайы — полиция капитаны Жансая Қайрат цифрландыру және жасанды интеллект бөлімінің аға инспекторы қызметін атқарады. Ол заманауи технологияларды дамыту, цифрлық жүйелерді жетілдіру бағытында табысты жұмыс жүргізіп, ішкі істер саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүрген бұл жанұя — татулық пен өзара сыйластықтың, қолдау мен түсіністіктің жарқын үлгісі. Құлыбековтер отбасы күнделікті қызмет барысында ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Сонымен қатар, олар жас мамандарға үлгі болып, қызметте тәртіп пен адалдық қағидаларын берік ұстанып келеді. Осындай берекелі отбасылар қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің нығаюына өз үлесін қосуда.

Отбасы күні мерекесіне орай, Құлыбековтер әулетіне зор денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке, қызметтеріне толағай табыс және отбасылық бақыт тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DYWx8rTjc9o/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==