Маңғыстау облысында мемлекеттік нөмірін жасырған жүргізушілер анықталды

Маңғыстау облысында мемлекеттік нөмірін жасырған жүргізушілер анықталды

2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Маңғыстау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Бейнеу – Тәжен және Жетібай – Шетпе тас жолдарында қызмет атқару барысында бірнеше құқық бұзушылық дерегін анықтады.

Тексеру барысында жүк көліктерінің жүргізушілері жылдамдық өлшегіш камераларға тіркелмеу және автокөліктің артық салмағын жасыру мақсатында көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жауып басқарғаны белгілі болды.

Аталған фактілер бойынша үш жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзу, мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыру және қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Құрметті жүргізушілер!
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға шақырамыз. Полиция тарапынан жүргізіліп жатқан профилактикалық және түсіндіру жұмыстары ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын естен шығармаңыздар.

https://www.instagram.com/reel/DYUzR05NMCM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==