
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері отбасы-тұрмыстық салада қиын жағдайға тап болған тұрғынға дер кезінде көмек көрсетті.
Хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, әйел адам мен оның кәмелетке толмаған балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу шараларын қабылдады.
Азаматша балаларымен бірге уақытша қауіпсіз орынға орналастырылып, кейін Ақтау қаласындағы дағдарыс орталығына жеткізілді. Қазіргі таңда оған қажетті тұрмыстық жағдай жасалып, жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Сонымен қатар, жәбірленушіге құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп, мамандар тарапынан тиісті кеңестер берілуде. Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша көмекке жүгіну тәртібін түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Полиция департаменті азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға және мұндай жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
https://www.instagram.com/reel/DYWgceaqXAS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==