Кәмелетке толмағандар профилактикалық есептен шығарылды

Кәмелетке толмағандар профилактикалық есептен шығарылды

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары тәртібі түзеліп, оң мінез-құлық көрсеткен кәмелетке толмағандарды профилактикалық есептен мерзімінен бұрын шығарды.

Профилактикалық кабинетте олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа жол бермеуі, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері және бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, заңды өкілдеріне кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері бойынша ескертулер беріліп, алдағы уақытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың әлеуметтік ортасына бақылау жасау және тәртібіне тұрақты назар аудару қажеттігі айтылды.

Іс-шара барысында полиция инспекторлары жасөспірімдермен жеке профилактикалық әңгіме өткізіп, заң талаптарын сақтау, білім алуға жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.

Айта кетейік, профилактикалық есептен шығару — жасөспірімнің мінез-құлқында оң өзгерістердің бар екенін және оның қайта тәрбиелену жолына түскенін көрсетеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

https://www.instagram.com/reel/DYWug3xqspE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==