Маңғыстау облысының автожолдарында лазерлік жүйелер іске қосылды

Маңғыстау облысының автожолдарында лазерлік жүйелер іске қосылды

Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа лазерлік жүйелер іске қосылды. Атап айтқанда, Бейнеу – Ақжігіт тас жолының учаскелерінде арнайы жарық бағыттаушы лазерлер орнатылған.

Жаңа технология жүргізушілерге түнгі уақытта және көру мүмкіндігі төмендеген жағдайда жол бағытын анық көруге көмектеседі. Сонымен қатар, ұзақ жолда көлік тізгінінде шаршаудың алдын алып, жүргізушінің назарын сергек ұстауға ықпал етеді.

Лазерлік бағыттаушы жүйелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және трассадағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Бұл жоба еліміздің бірнеше ақылы автожолдарында кезең-кезеңімен енгізілуде.

https://www.instagram.com/p/DYW3B0MDFWg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==