
Жаңаөзен ҚПБ профилактикалық есепте тұрған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҚР ІІМ-нің “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған азаматтармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша полицияға шақырту түскен азаматтармен жеке профилактикалық сұхбат ұйымдастырылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтарға жол бермеу бағытында түсіндірме берілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарға заң аясындағы жауапкершілік туралы ескертіп, қажет болған жағдайда психологиялық және заң көмегіне жүгіну жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында отбасы құндылықтарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері қамтылды.
Аталған профилактикалық шаралардың басты мақсаты — әр отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау.
https://www.instagram.com/reel/DYR7njGMdGH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==