
Ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры С. Тоқаев №19 жалпы білім беретін мектеп КММ-нің 11-сынып түлектерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және мерекелік күндері қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға соңғы қоңырау мерекесінен кейін автокөліктермен заңсыз шерулер ұйымдастырмау, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз табиғат аясында демалыс ұйымдастыруға, су айдындарына баруға, түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде және ойын-сауық мекемелерінде жүруге болмайтыны ескертілді.
Полиция қызметкері жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың салдары, әкімшілік жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде өзін ұстау тәртібі мен жеке қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында түлектерге қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, өзара сыйластық, заң талаптарын сақтау және жауапкершілік туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, жастарға білім алудың маңыздылығы, болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдау және заңға құрметпен қарау мәселелері де айтылды.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екені түсіндірілді.
Айта кетейік, мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DYR2OaOqVcC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==