«Таза Қазақстан» акциясы: полиция тұрғындармен экологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

«Таза Қазақстан» акциясы: полиция тұрғындармен экологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері теңіз жағалауында демалушылармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Кездесу барысында тұрғындарға табиғатты ластаудың салдары, экожүйеге келтірілетін зиян және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелері түсіндірілді. Полиция қызметкерлері демалушыларға қоқысты тек арнайы белгіленген контейнерлерге тастау қажеттігін еске салды.

Құрметті тұрғындар! Қоғамдық орындарды ластамау, табиғатты қорғау және қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заңнамаға сәйкес, белгіленбеген орындарға қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды өз ауласында, көшелер мен демалыс аймақтарында тазалықты сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.

Полиция өкілдері мұндай профилактикалық шаралар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Тазалық – тек сыртқы орта емес, ол – қоғамдық мәдениеттің көрсеткіші.
Тазалық – тәртіптің айнасы!