Мұнайлы ауданында бір аптада 276 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Мұнайлы ауданында бір аптада 276 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері 2026 жылғы 1–7 мамыр аралығында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген режимде қызмет атқарды.

Аталған кезеңде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген рейдтік және профилактикалық шаралар нәтижесінде жалпы саны 276 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:
🔹 көлік құралын масаң күйде басқарған — 4 жүргізуші;
🔹 жол қозғалысы ережелерін бұзудың өзге де деректері тіркелді.

Тәртіп сақшылары анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдады.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғам кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DYMyk79KpVN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==