Полицейлер Мәңгілік алау жанында батырларды еске алды

Полицейлер Мәңгілік алау жанында батырларды еске алды

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласының 9-шағынауданында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою және батырларды еске алу рәсіміне қатысты.

Тағылымды шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері мен жеке құрам қатысты. Тәртіп сақшылары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, елдің бейбіт болашағы үшін жанын қиған қаһармандардың, сондай-ақ қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет еткен жандардың рухына тағзым етті.

Жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, майдангерлердің ерлігіне, қайсарлығына және жанқиярлығына құрмет көрсетті. Жеңімпаз ұрпақтың ерлігі мен батырлығы халық жадында мәңгі сақталатыны атап өтілді.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Сағындық Күзембайұлы Аяғанов Жеңіс күнінің маңызы мен тарихи жадыны сақтау қажеттігіне тоқталды.

— Жеңіс күні — ерлік пен бірліктің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Біз бейбіт өмір мен еркіндік үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігін әрдайым жадымызда сақтап, кейінгі ұрпаққа үлгі етуіміз керек, — деді ол.

https://www.instagram.com/p/DYM2USECehg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==