
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттеріне «Криминалисттің бір күні» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандарға құқық қорғау саласындағы практикалық жұмысты көрсету, криминалист мамандығына қызығушылықты арттыру және жастарды құқықтық тәртіпті сақтауға шақыру.
Кездесу барысында басқарма мамандары криминалистикалық зерттеулердің негізгі бағыттары, оқиға орнын қарау ерекшеліктері, дәлелдемелерді жинау және тіркеу әдістері туралы жан-жақты ақпарат берді. Студенттерге арнайы криминалистикалық құрал-жабдықтар таныстырылып, саусақ ізін алу, биологиялық және трасологиялық сараптамалар жүргізу процесі көрнекі түрде көрсетілді.
«Криминалист жұмысы – бұл мұқияттылық, дәлдік және үлкен жауапкершілік. Бір ғана деталь бүкіл қылмыстың ашылуына себеп болуы мүмкін. Біз жастарға мамандығымыздың қыр-сырын көрсетіп, олардың саналы таңдау жасауына ықпал еткіміз келеді», – деп атап өтті Жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлері.
Іс-шара студенттердің құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DX_oiYNse3c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==