«Заң мен тәртіп»: оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп»: оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау облысында мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу аясында интернет қауіпсіздігі, буллинг және кибербуллингтің алдын алу, тұрмыстық құқық бұзушылық мәселелері талқыланып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, бос уақытты тиімді пайдалану және құқық бұзушылыққа итермелейтін факторлардан аулақ болу қажеттігі түсіндірілді.

Шара соңында қатысушыларға заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әрбір әрекет үшін жауапкершілікті сезіну – әр азаматтың міндеті екені атап өтілді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.

https://www.instagram.com/reel/DX9HMDgMM06/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==