
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Ақтау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.
Көлікті тексеру кезінде салоннан көлемі 10 литр болатын екі баллон табылды. Аталған баллондар азот тотығын, яғни халық арасында «көңіл көтеретін газ» немесе «Шарик Кумарик» деп аталатын затты пайдалануға арналғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша Ақтау қаласының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 1996 және 1998 жылы туған екі күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
https://www.instagram.com/reel/DX6p534Maip/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==\