
2026 жылғы 1 мамыр күні шамамен сағат 02:00-де Жетібай – Шетпе республикалық тас жолының 130-шақырымында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет атқару барысында жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, оның қарсы бағытқа шығып кеткенін байқады.
Оқиға орнына жедел әрекет еткен полиция капитаны Ербол Жалғасов пен полиция аға лейтенанты Дәулет Балиев жүргізушіге дер кезінде көмек көрсетіп, көлікті қауіпсіз жағдайға келтірді және жол қозғалысын қалпына келтірді.
Жүргізуші өз кезегінде көрсетілген көмек үшін тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға және көлік құралдарының техникалық жағдайына ерекше назар аударуға шақырады. Себебі бұл жағдайды полиция қызметкерлері дер кезінде байқамағанда, жүк көлігі немесе өзге де автокөліктермен соқтығысу қаупі жоғары болып, жол-көлік оқиғасы орын алуы мүмкін еді.
https://www.instagram.com/reel/DX1YApCJsL9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==