Мобильдік топтың кезекті отырысы өтеді

Мобильдік топтың кезекті отырысы өтеді

Мұнайлы ауданында аудан әкімдігі аппаратының жанынан құрылған, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және алдын алу жөніндегі мобильдік топтың кезекті отырысы өтеді.

Аталған іс-шараға бөлімнің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау тобының қызметкерлері қатысады.

Отырыс барысында:
🔹 Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ «FMS Social» цифрлық платформасы арқылы атқарылған жұмыстар
🔹 аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды спорт секцияларымен және мәдени үйірмелермен барынша қамту бойынша жүргізілген жұмыстар
🔹 әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі және жұмыспен қамту бағытында атқарылған іс-шаралар
🔹 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары
🔹 әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды ерте анықтау
🔹 ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту
🔹 проблемалық жағдайларды шешу жолдары талқыланады

Іс-шараның мақсаты – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту, қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

https://www.instagram.com/reel/DXwMmA9sVzh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==