
Маңғыстау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ұзақ сапарға шыққан велосаяхатшыға көмек көрсетті.
Азамат Ақтөбе қаласы тұрғыны болып табылады. Ол сапарын Ақтөбеден бастап, Маңғыстау облысы аумағына кірген. Саяхатшыны полиция қызметкерлері Бейнеу мен Боранқұл елді мекендерінің арасындағы Есет ауылы маңында байқаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері азаматтың жағдайын сұрап, қажетті көмек ұсынып, ауызсумен қамтамасыз етті және оның сапарын қауіпсіз жалғастыруына жағдай жасады.
Айта кету керек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету – патрульдік полиция қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
https://www.instagram.com/reel/DXtyx0ujCXd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==