Мұнайлы ауданында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мұнайлы ауданында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мұнайлы ауданында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері сауда орындары мен базарларда тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардан қорғану тәсілдері және күмәнді сілтемелер мен қоңырауларға сенбеу қажеттігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, пәтер ұрлығының алдын алу шаралары түсіндіріліп, тұрғындарға жеке мүлікті қорғау бойынша нақты ұсыныстар берілді. Үй-жайлардың қауіпсіздігін күшейту, есік-терезелерді мықтап жабу және бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігі ескертілді.

Іс-шара барысында есірткі қылмыстарының қоғамға тигізетін зияны, оның салдары және заңмен көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында тұрғындарға ақпараттық жаднамалар таратылып, құқықтық кеңестер берілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

https://www.instagram.com/reel/DXoshnkitGY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==