
Мұнайлы ауданында орналасқан «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры Н. Тажибаева «Заң мен тәртіп» құндылығы аясында мектеп әкімшілігімен бірлесе «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналармен ашық диалог орнатып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау болды.
Кездесуге мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қатысты. Жиын барысында білім беру ұйымындағы оқу үдерісі, тәртіп талаптары және оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, бала тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелер, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және отбасындағы тәрбиенің рөлі талқыланды.
Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ювеналдық полиция инспекторынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайтып, балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DXotkndiigd/?utm_source=ig_web_copy_link