
Бейнеу ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында учаскелік полиция инспекторлары шетел азаматтары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, көші-қон талаптары, уақытша тіркелу тәртібі және еңбек қызметін заңды жүзеге асыру мәселелері түсіндірілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері айтылып, одан сақтану жолдары түсіндірілді. Азаматтарға бейтаныс адамдарға жеке деректерін бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және жалған ақпаратқа сенбеу қажеттігі ескертілді.
Полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып, нашақорлықтың зияны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында шетел азаматтарының тұрғылықты жерлері тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Кездесу соңында азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.