
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу деректерінің алдын алу және анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Заң талаптарына сәйкес, көшеде, саябақтарда, аулаларда және өзге де қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу қоғамдық тәртіпке кері әсер етіп, құқық бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақыруда. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі кепілі.
Жаңаөзен полицейлері ескертеді: қоғамдық орындарда ішімдік ішуге тыйым салынады.
https://www.instagram.com/reel/DXhBrFcjQVI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==