
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Әбіш Кекілбайұлы атындағы кітапхана арнайы барып, мәдени-танымдық шараға қатысты.
Іс-шараға ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Мешітбайұлы қатысып, кітап оқудың маңыздылығы мен рухани құндылықтарды насихаттаудың мәніне тоқталды.
Шара барысында полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарына қызметке кіргелі отырған жас курсанттар кітапханамен танысып, оның тарихы туралы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар, қатысушылар түрлі кітаптардың мазмұнын талқылап, өңірге еңбегі сіңген ақын-жыршылардың шығармашылығы жөнінде пікір алмасты.
Іс-шараның ерекше бөлігі ретінде командалық ойын ұйымдастырылып, әр команда өз шығармашылық қабілеттерін танытып, «өз кітабын жазу» тапсырмасын орындады.
Қызықты әрі мазмұнды өткен шара қорытындысы бойынша музей басшылығы атынан үздік командаға алғыс хат табысталып, барлық қатысушыларға кітаптар сыйға берілді.
Аталған шара қызметкерлердің рухани дамуына серпін беріп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DXeWoeBDLZv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==