
Б. Жұманов, Бейнеу АПБ ҚҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты, «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Атамекен жалпы білім беретін мектебі КММ-де жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың себептері талқыланып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу және білім беру ұйымдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері қаралды.
Ата-аналар мен жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертіліп, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бітіруші түлектерге оқу жылын тыныш әрі қауіпсіз жағдайда аяқтау қажеттігі ескертілді.
https://www.instagram.com/reel/DXd5vQhjZr-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==