
Маңғыстау облысында «Болашақ» колледжінде студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау қажеттілігі, есірткінің зияны, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары және жеке қауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттерге нақты мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар ұсынылды. Бұл өз кезегінде студенттердің құқықтық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік деңгейін күшейтуге ықпал етті.
Аталған бағыттағы профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға негіз болмақ.