Жол қозғалысы ережелері бойынша білім іс жүзінде: Ақтауда мектеп оқушыларының қалалық слеті өтті

Жол қозғалысы ережелері бойынша білім іс жүзінде: Ақтауда мектеп оқушыларының қалалық слеті өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы инспекторларының бастамасымен және ұйымдастыруымен Ақтау қаласында жас жол инспекторларының қалалық слеті өткізілді.

Іс-шараға жалпы саны 15 мектеп оқушысы қатысып, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Слеттің негізгі мақсаты — оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін кеңінен насихаттау, қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шара барысында қатысушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық және практикалық тапсырмалар ұсынылып, олардың білім деңгейі мен шапшаң шешім қабылдау қабілеттері бағаланды.

Сонымен қатар оқушылар жолдағы қауіпсіздікке қатысты түрлі тапсырмалар мен жағдаяттарды орындап, өз белсенділіктерін көрсетті.

Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстардың бірі болып табылады.